30 жағдайда заңсыз өсімдіктектес өнімдерді әкелу жағдайының алдын алды
24 шілде 2019
30 жағдайда заңсыз өсімдіктектес өнімдерді әкелу жағдайының алдын алды
2019 жылдың шілде айының 15-21 аралығында Алматы, Жамбыл және Түркістан облыстық аудандық аумақтық инспекцияларының өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторларымен Қытай Халық Республикасынан, Қырғыз Республикасынан және Өзбекстан Республикасынан карантиндік фитосанитариялық қаупі жоғары карантинге жатқызылған өнімдердің заңсыз 30 жағдайда әкелінгені анықталды.
Карантинге жатқызылған өнім-күнбағыс (42 тонна) және бадам (206,6 тонна) тұқымдары жарамсыз фитосанитариялық сертификатпен Қытайдан әкелінген.
Қырғызстаннан шие әкелу кезінде (0,5 тонна) – фитосанитарлық сертификат болмады, пиязды әкелу кезінде (22 тонна) – қаптамада таңбалау болмады, жемістерді ассортиментте әкелу кезінде (10,4 тонна) карантиндік объектілер анықталды - шығыс жеміс-жидек (Grapholita molesta (Busck)) және Комсток (Pseudoccus comstocki (Kuwana))).
Сонымен қатар, Өзбекстаннан қол жүгімен өсімдік өнімдерін әкелуге белгіленген тыйым салғанына қарамастан, көрсетілген кезеңде карантинге жатқызылған өнімді (жеміс, көкөніс, көк шөп, көшеттер, гүл кесінділері және горшечная өсімдіктер – 2,3 тонна, 1438 дана) әкелудің 24 оқиғасы анықталды.
Өсімдіктер карантині саласындағы заңнамалардың талаптарына сәйкес  аталған өнімдер Қазақстан Республикасы аумағына тасымалдауға тиым салынған. Жүктер Қытайға, Қырғызтанға және Өзбекстанға кері қайтарылып, сонымен қатар кінәлі тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
ҚР АШМ Қоғаммен байланыс жөніндегі департаменті
+7 (7172) 555-765, 555-947
Другие новости