Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағалары жөнінде С.К.Омаровтың баяндамасы
20 тамыз 2019

Құрметті Асқар Ұзақбайұлы!
Құрметті Үкімет мүшелері!
2-слайд.Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағаларын тұрақтандыру мақсатында өңірлермен азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорларын қалыптастыру жүргізіледі.  Қазіргі кезде республика бойынша қолда бар және жауапты сақтаудағы азық-түлік тауарларының көлемі 29,8 мың тонна, өңірлер бойынша 2-слайдта көрсетілген.
Анықтама: картоп – 8,6 мың тонна; бірінші сортты бидай ұны – 6,8 мың тонна; қант – 6,6 мың тонна; пияз – 2,1 мың тонна; сәбіз – 1,9 мың тонна; күнбағыс майы – 1,0 мың тонна; қарақұмық жармасы – 0,6 мың тонна; күріш – 0,2 мың тонна.
3-слайд. Сатып алу интервенцияларын жүргізу үшін әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар есебінде 3,7 млрд. теңге қаражат бар.
4-слайд. Жоғарыда атап өткендей, Министрлікпен тұрақтандыру қорларын қалыптастыру тәсілдері жетілдірілді және әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағаларын тұрақтандыру бойынша жаңа тетік енгізілді.  
Енді әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағаларын тұрақтандыру тетіктері екі деңгейдегі құжаттармен реттелетін болады:
1) Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асырудың жалпы тәртібін айқындайтын, Ауыл шаруашылығы министрлігі бекітетін үлгілік қағидалар;
Аталған түзетулермен әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар жұмысына көбірек еркіндік беру арқылы тұрақтандыру қорларын қалыптастыру және пайдалану қағидалары жеңілдетілді.  Енді, жергілікті атқарушы органдардың шешімімен сатып алу және тауарлық интервенцияларын жүргізу, азық-түлік тауарларын жаңарту нормасы алынып тасталды. Жергілікті атқарушы органдар тұрақтандыру қорларына сатып алынатын тауарлар тізбесі мен оларға шекті сауда үстемесін ғана анықтайды. Ал қалғандарын әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациялар өздері жүргізеді.   
Сонымен қатар, әлеуметтік маңызы бар азық- түлік тауарларын бекітілген төмендетілген бағамен өткізу талаптарымен кәсіпкерлік субъектілеріне қарыз беру арқылы бағаны тұрақтандырудың жаңа тетігі енгізілді.  Қарыз беру қарыз шартын жасау жолымен қайтарымдылық, қамтамасыз етілу және ақылылық шарттарымен жүзеге асырылады.
2) Жергілікті атқарушы органдармен бекітілетін, әр өңірдің ерекшеліктерін есепке алумен егжей-текжейлі тәртібін көрсететін өңірлік қағидалар.
Бағаларды тұрақтандыру бойынша тиімді жұмыс жүргізу үшін, облыстар мен Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының әкімдеріне:
- тұрақтандыру қорларына ең қажетті азық-түлік тауарларының қорын (қант, ұн, күнбағыс майы және т.б.)  тұрақты негізде қалыптастыру қажет;
- азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асырудың өңірлік қағидаларын бекітуді және «айналым сызбасын» қолдануды тездету қажет.
5-слайд. Кейбір тауарлар бағаларының өсуіне келетін болсақ, ол өндіріс көлемінің төмендеуімен байланысты емес екендігін атап өткім келеді, яғни аталған тауарлар бойынша Министрлікпен физикалық қолжетімділік қамтамасыз етілген.
Нақтырақ айтатын болсам, ағымдағы жылы пияздың егістік көлемі 32,8 мың га құрады, бұл 2018 жылғы деңгейден 4,1 мың га артық  (28,7 мың.га). Болжам бойынша жалпы жинау көлемі 918 мың тоннаны құрайды, ол халықтың қажеттілігін толық көлемде жабады.
Сәбіз бойынша ағымдағы жылғы егістік көлемі 20,6 мың га құрады, болжам бойынша жалпы жинау көлемі 567,1 мың тоннаны құрайды, ол халықтың қажеттілігін толық мөлшеде жабады.
Картоптың егістік көлемі 191,3 мың га құрады, болжанған жалпы жинау көлемі 3715,0 мың тонна шамасында, ол халықтың картопқа деген қажеттілігін қамтамасыз етуге жеткілікті.
Жалпы алғанда, жеміс-көкөніс өнімдері бойынша       2021 жылға дейін егістік аудандарының кеңеюі және өндіріс көлемінің орташа есеппен 1,5 есеге артуы жоспарланғанын атап өткен жөн.
Күріштің ағымдағы жылғы егістік көлемі өткен жылғы деңгейдегі шамада 101,9 мың га құрады. Болжам бойынша жалпы жинау көлемі 482,0 мың тоннаны құрайды, ол халықтың күрішке деген қажеттілігін толығымен жабады.
Сиыр еті бағасының өсуіне маусымдық фактор әсер етеді, себебі жаппай сою тамыздың соңынан бастап жаңа жылға дейінгі кезеңде жүргізіледі. Сонымен қатар қосымша әсер ететіндер қатарына сиыр еті экспортының 4,9 мың тоннадан 20,4 мың тоннаға дейін өсуін жатқызуға болады. 
Сондықтан агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде 2021 жылға дейін сиыр етінің өндірісін 500 мың тоннаға дейін арттыру жоспарланған. 
Құс еті бағасының өсуі құс еті импортының 1,7 есеге      (97,5 мың тоннадан 55,7 мың тоннаға дейін) төмендеуіне байланысты, оны ішкі нарықтағы тұтынудың үлесі 51,3%-ды құрайды. Осы орайда, 2021 жылға қарай құс еті өндірісінің көлемін 300 мың тоннаға дейін арттыру жоспарлануда.
6-слайд. 2021 жылға қарай көкөніс өнімдерінің көлемін арттыру бойынша индикативті болжамдарға жету үшін Министрлікпен тұқым, тыңайтқыш және гербицид бағасын жартылай арзандату жолымен негізгі субсидиялар қарастырылған. 
Сонымен қатар, сыйақы мөлшерін субсидиялау, жаңбырлатқыш машиналар мен суару жүйелерін инвестициялық субсидиялау жолымен жеміс-көкөніс өнімдері өндірісін арттыру үшін экономикалық жағдайлар жасалған.
Мал шаруашылығы өнімдерінің өндірісін артыру үшін ет пен сүт өндірісіні көлемін арттыруды көздейтін ұзақ мерзімді салалық бағдарламалар бектілген.
Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығы өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды субсидиялау қарастырылған.
Өз кезегінде, ҚазАгро холдингімен қажетті несиелік ресурстар беріледі.  
2018 жылы Холдингпен агроөнеркәсіптік кешенін қаржыландыру көлемі 400,1 млрд. теңгені құрады. Ағымдағы жылдың 1 тамызындағы жағдай бойынша агроөнеркәсіптік кешенін қолдау мақсатында Холдингпен 261,5 млрд. теңге бағытталды.
Қорытындылай келе айтарым, халықты азық-түлік тауарларымен қамтамасыз ету және импорт көлемін төмендету үшін ауыл шаруашылығы өнімдерінің өндіріс көлемін ұлғайту бойынша Министрлікпен жұмыс жалғастырылады.
Назарларыңызға рахмет!

ҚР АШМ Қоғаммен байланыс жөніндегі департаменті
+7 (7172) 555-765, 555-947
Другие новости