Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі С.К. Омаровтың «2019 жылғы егін жинау жұмыстарының барысы туралы» мәселеcі бойынша кеңесте жасаған БАЯНДАМАСЫ
03 қыркүйек 2019

Құрметті Асқар Ұзақбайұлы!
Құрметті мәжіліске қатысушылар!
 
1-слайд. Кіріспе
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің деректері бойынша 2019 жылы барлық ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алаңдары 22,2 млн. гектарды құрады, оның ішінде дәнді дақылдар – 15,4 млн. гектар, оның 11,4 млн. гектары – бидай. Майлы дақылдар 2,9 млн. гектар алаңда, азықтық дақылдар – 3,3 млн. гектарға, мақта – 131,1 мың гектарға, қант қызылшасы – 19,6 мың гектарға, картоп пен көкөніс-бақша дақылдары – сәйкесінше 191,3 және 261,1 мың гектарға орналастырылды.
Егіс науқаны сапалы тұқымдарды пайдалана отырып оңтайлы мезгілде жүргізілгенін айта кеткен жөн. Фермерлер тыңайтқышты уақытында қолданды, егістердегі арам шөптер мен ауруларға қарсы химиялық өңдеулерді дер кезінде жүргізді.
Сонымен бірге, Қостанай және Ақмола облыстарында ауа райы жағдайы егістіктердің жай-күйіне теріс әсерін тигізді. Өздеріңізге белгілі, республика аумағында қатты ыстық болды.
Мысалы, негізгі астық өсіретін өңірлердің бірі - Қостанай облысындағы жағдай алаңдатарлық болып отыр. Құрғақшылық салдарларын зерделеу мақсатында арнайы жұмыс топтары құрылып, олар облыстың барлық аудандарын зерттеп қарады. Фактілер расталды. Осыған байланысты Сіздің тапсырмаңызға сәйкес Ауыл шаруашылығы министрлігі Қостанай облысы әкімдігімен бірлесіп ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді қолдау шараларын қабылдайтын болады.
Анықтама ретінде: Облыстық ауыл шаруашылығы басқармаларының деректері бойынша (егістердің жай-күйі туралы қорытынды есепке сәйкес)  а.ж. 16 тамыздағы жағдай бойынша дәнді дақылдардың 58,3%-ы (8 694,6 мың гектар) жақсы, 33,4%-ы (4 978,7 мың гектар) – орташа, қалған 8%-ы (1 191 мың. гектар) қанағаттанарлықсыз жағдайда.
2018 жылғы осыған ұқсас мерзімде 69%-ы жақсы, 28,6%-ы - орташа, 2,1%-ы - қанағаттанарлықсыз жағдайда болған.
2-слайд. Бүгінгі күні егін жинау жұмыстары республиканың барлық өңірлерінде жүргізіліп жатыр.
Бұл ретте Түркістан облысында дәнді дақылдарды жинау аяқталды (20,0 ц/гектар орташа өнімділік кезінде 462,0 мың тонна астық бастырылды), Жамбыл облысында – аяқталу сатысында (94,6%). 
Жедел деректерге сәйкес жалпы республика бойынша дәнді дақылдарды жинау алаңы
15,2 млн. гектарды құрайды, оның 4,8 млн. гектары жиналды, бұл 31,7% құрайды (өткен жылы – 16,2 %). Гектарына 11,5 центнер орташа өнімділікте 5,5 млн. тонна бастырылды.
3-слайд. Ағымдағы жылғы егін жинау жұмыстарын бастауға жалпы қолда бар техниканың 98%-ы дайын.
Егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін 147 мың трактор, 82,3 мың трактор тіркемесі, 38,5 мың астық жинайтын комбайн, 15,2 мың дестелегіш, 40,3 мың жүк тасығыш автомобиль бар.
Жұмыстың ұзақ уақыт тоқтап қалуын болдырмау мақсатында ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер жөндеу бригадаларын құрды. Сервистік компаниялардың сервисті барып көрсетулерін күшейту, сондай-ақ қоймаларды қажетті қосалқы бөлшектермен толтыру бойынша олармен тиісті жұмыстар жүргізілді.
Басты міндет өсірілген өнімді ысырапсыз жинау болғандықтан, әкімдіктер аталған мәселені ерекше бақылауда ұстаулары қажет.
4-слайд. Егін жинау жұмыстарын уақтылы жүргізу үшін ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге 395 мың тонна арзандатылған жанар-жағар май бөлінді. Шілде айындағы көлемдерді өңірлер толығымен алды. Тамыз айындағы көлемдер (128,8 мың тонна) 96%-ға төленді, 77%-ы жөнелтілді.
Өңірлердегі әкімдіктер операторлармен және ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілермен отынды уақытында жөнелту бойынша жұмыстар жүргізулері қажет.
5-слайд. Республика бойынша жалпы астық сақтайтын сыйымдылық 27 млн. тоннаны, оның ішінде астық қабылдау кәсіпорындарында 12,4 млн. тоннаны, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерде 14,6 млн. тоннаны құрайды. Көрсетілген астық сақтайтын сыйымдылықтар болжанып отырған түсімді сақтауға жеткілікті.
Сонымен қатар, әкімдіктер элеваторлардың
2019 жылғы астықты қабылдау дайындығына тұрақты мониторинг жүргізулері қажет, сондай-ақ, астықтың егістіктерден элеваторларға толассыз келіп түсуін қамтамасыз ету мәселесін тұрақты бақылауда ұстаулары керек.
6-слайд. Ағымдағы жылғы көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын қаржыландыруға Аграрлық несие корпорациясы 60 млрд. теңге бюджеттік кредит бөлді. 3,1 млн. гектар  алаңда ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіруді қолдау үшін 2 169 агроөнеркәсіптік кешен субъектісі қаржыландырылды.
Аграрлық несие корпорациясының өз қаражаты және тартылған қаражат есебінен 10,01 млрд. теңге сомаға  269 ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші қосымша қаржыландырылды.
7-слайд. Ағымдағы маусымда «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» АҚ 1 млн. тоннаға дейін астық сатып алуды жоспарлауда.
3 сыныпты бидайдың сатып алу бағасы сапасына байланысты тоннасына 62-ден 70 мың теңгеге дейін болады.
Бұдан басқа, мал шаруашылығы саласын қолдау мақсатында биыл жемдік бидайды сатып алу жоспарлануда. Осылайша, 4 және 5 сыныпты астықтың бағасы тиісінше 54 және 50 мың теңгені құрайды.
 8-слайд. Жаңа астықты экспортқа шығару бойынша дайындық жұмыстары жүргізілуде. Әдетте, астық тасымалдайтын вагондар тапшылығын байқайтынбыз,  биыл басқа мемлекеттік органдармен бірлесе отырып алдын ала логистика мәселелерін шешу бойынша жүйелі жұмыс жүргізудеміз. ҚТЖ-мен бірлесіп барлық мүдделі тараптардың қатысуымен шұғыл мәселерді шешу жөніндегі Штаб құрылды.
Сату нарықтары анықталған. 2019/2020 маркетингтік жылға арналған астық пен ұнның экспорттық әлеуеті 7 млн. тонна шамасында болады.
Қыркүйек айындағы ауа райы жағдайының болжамы
Қазгидрометтің ұзақ мерзімді ауа-райы болжамына сәйкес қыркүйекте батыс облыстарда бастапқы кезеңде температураның 30°С дейін көтерілуі, содан соң  20°С-қа дейін ақырындап төмендеуі және нормадан жоғары жауын-шашын күтілуде. Мұндай жағдайлар астықтың пісіп-жетілуіне қолайлы болғанымен, егін жинау жұмыстарын қиындатуы мүмкін. Бүкіл кезең бойы желдің күшеюі және шаңды дауыл күтілуде.
Бір айдағы жауын-шашын мөлшері Қостанай облысының солтүстігінде нормадан жоғары, Солтүстік Қазақстан облысында нормаға шамалас, Ақмола облысында нормадан төмен болады деп күтілуде, кей жерлерде үшінші онкүндіктің бірінші жартысында жауын-шашын қарға ауысады, бұл егін жинау жұмыстарының барысына әсер етіп, астықтың ысырап болуына әкелуі мүмкін.
Осыған орай әкімдіктер егін жинау жұмыстары бойынша барынша қысқа мерзім ішінде ұйымдастыру шараларын қолданулары қажет.
Бұдан басқа, проблемалық агрохолдингтер жерлеріндегі егінді жинаудың маңыздылығын бөлек мәселе ретінде айта кеткен жөн. Үкіметтің қолдауымен агрохолдингтердің өздері, жаңа инвесторлар егіс жұмыстарын жүргізді, олардың ендігі міндеті егін жинау жұмыстарын ұйымдастыру.
Ақмола, Ақтөбе, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарының әкімдіктері мәселені жеке бақылауларына алулары қажет.
Жалпы жұмыс штаттық режимде жүргізілуде. Майлы дақылдар бойынша жақсы нәтижелер күтілетінін айта кеткен жөн. Мысалы, Асқар Ұзақбайұлы, Өзіңізге бұрын көрсетілген «Солтүстік соя» бағдарламасы бойынша Солтүстік Қазақстанда суарылмайтын жерлерге 14 мың гектар соя себілді. Көрсетілген егістердегі өнімділік гектарынан 20 тоннадан астам болады. Келесі жылы алынған тұқымды 150 мың гектарға себу жоспарлануда.
 
Назарларыңызға рахмет!

ҚР АШМ Қоғаммен байланыс жөніндегі департаменті
+7 (7172) 555-765, 555-947
Другие новости