Ауыл шаруашылығы министрі жұмыс сапарымен Батыс Қазақстан облысына барды
04 қыркүйек 2019
Ауыл шаруашылығы министрі жұмыс сапарымен Батыс Қазақстан облысына барды
Бүгін ҚР Ауыл шаруашылығы  министрі  Сапархан Омаров  жұмыс сапарымен Батыс-Қазақстан облысына барды. Теректі ауданындағы «Пойма май комбинатында» ауыл  шаруашылығы  саласының  өкілдерімен  кездесті. Кездесу барысында «Пойма май комбинатының» жұмысымен таныса отырып,  ауыл шаруашылығы саласын дамыту бойынша  жергілікті сала мамандары мен шаруашылық өкілдері көтерген түйткілді  мәселелер  талқыланды.


Атап айтар болсақ, отандық қайта өңдеу кәсіпорындарының бәсекеге қабілеттілігін арттыру және майлы дақылдарды шикізатпен тұрақты қамтамасыз ету үшін отандық өңдеу кәсіпорындарына өңдеуге берілген майлы дақылдар өндірісін субсидиялауға қайтару, тауарларды экспорттау кезінде құжаттарды рәсімдеу кезінде бірнеше құжаттар сұрату жөнелту мерзіміне әсер ететіндіктен азайту қажеттігін, өнімдерді экпортқа шығару кезінде вагондардың жетіспеушілігін, ауылшаруашылық өнімдері мен өңделген өнімдеріңің  кей жағдайда сапа стандарттарына сәйкес келмей жататындықтан, тиісті реттеуші органдармен импортталатын өнімдердің сапасын бақылауды  қолға алу сынды т.б проблемалық мәселелер айтылды.





Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Берік Есенғалиев «Агроөнеркәсіптік кешен субъектісі инвестициялық салынымдар кезінде жұмсаған шығыстардың бір бөлігінің орнын толтыру бойынша субсидиялау» бағдарламасы бойынша 2019 жылға бөлінген қаражаттың қазіргі таңда толықтай игерілуіне байланысты облыстың ауыл шаруашылығы құрылымдарына жаңа өтінім беру мүмкін болмай отырғанын жеткізді.
Министр Сапархан Омаров, ауыл шаруашылығы саласына жан-жақты көрсетіліп жатырған мемлекеттік қолдауларды айта келе, өңірдегі мал шаруашылығын, әсіресе қой шаруашылығына аса көңіл бөлу қажеттігін атап өтіп, шаруашылық өкілдерінің ұсыныстарын орындау мен шешу жолдарына тоқталды. Мәселен көптеген субсидиялау бағдарламаларындағы қағидаларға өзгеріс енгізу, құжат рәсімдеу кезіндегі әуре-сарсаңдарды жою мәселелерін бір жолға қою жұмыстары жүргізілетінін жеткізді.
ҚР АШМ Қоғаммен байланыс жөніндегі департаменті
+7 (7172) 555-765, 555-947
Другие новости