ҚР АШМ өсімдіктер карантині саласындағы Меморандумға және ҚР-дан ҚХР-ға шошқа етін экспорттауға қойылатын талаптар бойынша Хаттамаға қол қойды
25 қыркүйек 2019
ҚР АШМ өсімдіктер карантині саласындағы Меморандумға және ҚР-дан ҚХР-ға шошқа етін экспорттауға қойылатын талаптар бойынша Хаттамаға қол қойды
Бүгін Мемлекет басшысының экспорттық әлеуетті арттыру жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатында ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Гульмира Исаева Қытай Халық Республикасы Бас кеден басқармасы Министрінің орынбасары Ван Лин Цзюньмен кездесу өткізді.
Кездесу барысында қазақстандық тауарлардың ҚХР нарығына қолжетімділігін кеңейту мәселелері талқыланды, сондай-ақ біздің өнімдерімізді экспорттау үшін маңызды құжаттарға қол қойылды. Бұл-өсімдіктер карантині саласындағы Меморандум және ҚР-дан ҚХР-ға шошқа етін экспорттауға қойылатын талаптар жөніндегі хаттама.



Екі ел арасындағы сауданы дамыту,  сондай-ақ Жол картасының іс-шараларын жүзеге асыру  мақсатында, 2018 жылдың қараша айында Шанхай қаласында ҚР АШМ мен ҚХР ГТУ ведомстволар арасында қол қойылған қазақстандық өнімді Қытайға экспорттауға қойылатын талаптарды келісу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Жол картасының 14 пунктінен 6 пункт орындалды. Барлығы 18 хаттамаға қол қойылды, бұл екі ел арасындағы тауар айналымын арттыруға мүмкіндік береді.



Ағымдағы жылдың 7 айында екі ел арасындағы АӨК өнімдерінің тауар айналымы 24,5% - ға өсіп, 297 млн АҚШ долларын құрады. Сонымен қатар, ҚХР-ға қазақстандық АӨК өнімінің экспорты ақшалай мәнде 41% - ға өсіп, 196 млн АҚШ долларын құрады.
Топ-10 өнімге дәнді дақылдар (бидай, арпа), ұн, өсімдік майы және майлы тұқымдар, мақта талшығы, азықтық дақылдар, кондитерлік өнімдер кіреді. Перспективалы өнімдер ет, ет және сүт өнімдері, соя, жүгері болып табылады. Қазақстандық ауыл шаруашылығы өнімдері Қытайда жоғары сапалы, экологиялық және табиғи болып жоғары бағаланады.
Қазақстандық өнімдер үшін Қытай нарығына қол жеткізу сауда айналымын ұлғайту үшін ғана емес, сондай-ақ Қазақстан аумағында ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеуге қытайлық инвестицияларды тарту үшін де маңызды мәнге ие.

ҚР АШМ Қоғаммен байланыс жөніндегі департаменті
+7 (7172) 555-765, 555-947
Другие новости