Астық жинау науқаны бойынша
30 қыркүйек 2019
Астық жинау науқаны бойынша
Облыстардың жедел мәліметтері бойынша бүгінгі күні 12,4 млн. га егін жиналды, бұл егін жинау алаңының 81,4% құрайды. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде Ауыл шаруашылығы Бірінші вице-министрі  А. Сапаров мәлімдеді.
Мемлекет күзгі дала жұмыстарын оңтайлы мерзімде жүргізуді қамтамасыз ету бойынша барлық қажетті шараларды қабылдады. 14,2 млн. тонна дәнді дақыл және бұршақты дақылдар бастырылды. Республика бойынша орташа өнімділік 11,5 ц/га құрайды.
Егін жинау жұмыстары Түркістан мен Батыс Қазақстан облыстарында аяқталды.
Егін жинау жұмыстарын жүргізуге 395 мың тонна кепілді ЖЖМ бөлінді. Бүгінде барлық көлемнен 292 мың тонна немесе 74% тиелді.
"Егін жинау науқанын уақытылы және сапалы өткізу өсірілген өнімді сақтаудың кепілі болып табылады. Бұған дейін хабарланғандай, қыркүйектің соңында Солтүстік және орталық облыстарда жаңбыр жауады, бұл егіс науқаны қарқынының төмендеуіне әкеледі. Астық жинау науқанының басталуымен аномалды ыстық жаңбырлармен ауысты, негізгі астық егетін облыстарда жинау техникасы 12-15 күннен тұрды. Осыған байланысты әрбір күнді барынша жемісті пайдалану, бос тұрып қалуды болдырмау арқылы өнімділікті арттыру бойынша шараларды қабылдау қажет, комбайндардың екі ауысымдық жұмысы мүмкін болған жағдайда, дәнді дақылдарды ғана емес, майлы дақылдарды оңтайлы мерзімде жинауды аяқтау үшін ұйымдастыру қажет. Мұндай міндет әкімдіктерге жеткізілді. Үкімет мәселені тұрақты бақылауда ұстайды " - деп А. Сапаров өзінің баяндамасында атап өтті.
Спикерлер атап өткендей, элеваторға түскен астықтың 58,6% - ы, 3 классқа жатады. Астық ылғалды, сондықтан Үкімет қосымша шамамен 50 мың тонна отын бөледі. Жүктеу қазан айында басталады.
Отандық ауыл шаруашылығы өндірушілерін қолдау мақсатында Азық-түлік келісім шарт корпорациясы астықты сатып алу бағасы ұлғайтылды және ол сапалы көрсеткіштерге байланысты бір тонна үшін 70-76 мың теңгені құрайды. Бұл нарық үшін жақсы баға. Қазіргі уақытта Азық-түлік корпорациясы астық сатып алуда. Сатып алынған астық оның ішінде өңірлерде нанның бағасын тұрақтандыру үшін пайдаланылатын болады. Сондай-ақ жемдік астық сатып алу жоспарлануда. Ол Республиканың құс шаруашылығы және мал шаруашылығы кәсіпорындарына жіберілетін болады.
Астықтың бір бөлігін экспортқа жіберуді жоспарлап отырмыз. Қалай болғанда да, Қазақстанның астыққа деген барлық қажеттілігі 100% - ға жабылатын болады – бұл тұқым, жемдік астық, ұн және макарон өндірісі, өнеркәсіптік тұтыну және т.б.-деп атап өтті вице-министр.
ҚР АШМ Қоғаммен байланыс жөніндегі департаменті
+7 (7172) 555-765, 555-947
Другие новости