Ардагер-аграршыларды Қарттар күнімен құттықтады
01 қазан 2019
Ардагер-аграршыларды Қарттар күнімен құттықтады Бүгін Ауыл шаруашылығы министрлігінде Халықаралық қарттар күніне орай салтанатты жиын өтті. Шараға ауыл шаруашылығы ардагерлері одағының ардагерлері шақырылды.
Залда Қазақстанның ауыл шаруашылығы өндірісі мен агроөнеркәсіп кешенін дамыту үшін өз күш-жігерін және қажырлы еңбек еткен адамдар жиналды.
Саланың бұрынғы қызметкерлері үшін концерттік бағдарлама, сондай-ақ сыйлықтар дайындалды.
Салтанатты жағдайда аграршылар құрмет атағымен марапатталды.
Мәселен, қоғамдық, мемлекеттік қайраткер, республика ардагерлерінің құрметті мүшесі Оралбай Әбдікәрімовке куәлік пен құрмет лентасы табыс етілді.
"Құрметті ардагер" атағына бірінші ауыл шаруашылығы министрі, мемлекет қайраткері Сергей Кулагин ие болды.
Сонымен қатар, ардагерлер одағы Басқармасының шешімімен А. А. Ахмадияров, К. С. Ерманов, Б. М. Мұқашев, Б. Н. Мажренов, З. Д. Дюсембековке "Құрметті ардагер"атағы берілді.
Ардагерлер одағы Басқармасының шешімімен Кеңес мүшелерінің тілектерін ескере отырып, сондай-ақ "ауыл шаруашылығы ардагерлері кеңесі" қоғамдық бірлестігінің қалыптасуына сіңірген еңбегі үшін Михаил Васильевич Трошихинге "Құрметті төраға"атағы берілді.
ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің ұжымы ауыл шаруашылығы ардагерлеріне сала игілігі үшін баға жетпес еңбегі үшін алғыс білдірді
ҚР АШМ Қоғаммен байланыс жөніндегі департаменті
+7 (7172) 555-765, 555-947
Другие новости