Бүгін ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров Нұр-сұлтан қаласындағы № 72 мектептің республикалық экологиялық сағатына қатысты
03 қазан 2019
Бүгін ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров Нұр-сұлтан қаласындағы № 72 мектептің республикалық экологиялық сағатына қатысты
Бүгін ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров Нұр-сұлтан қаласындағы № 72 мектептің республикалық экологиялық сағатына қатысты. Іс-шара Дүниежүзілік тіршілік ету жерлерін қорғау күніне - Жер ғаламшары фаунасының тіршілік ету ортасын сақтау мәселесіне адамзаттың назарын аударуға арналған халықаралық мерекеге орайластырылды.
Іс-шараның мақсаты-өскелең ұрпақты табиғи ресурстарға ұқыпты қарауға тарту. Іс-шараның  негізгі міндеті: табиғи ресурстарға қатысты экологиялық саналы тәрбие беру, атап айтқанда: суға ұқыпты қарау, ауаны қорғау, жерді ластанудан қорғау.




"Қымбатты оқушылар! Бүгін мен табиғатқа ұқыпты қарау туралы айтқым келеді. Адам өміріндегі табиғаттың рөлі маңызды, онсыз біздің өміріміз мүмкін емес! Табиғатты қорғау-шектеулерді білмейтін іс. Бүгінгі экологиялық сағат, барлығымыз үшін қоршаған ортаның жай-күйі үшін өзінің жеке жауапкершілігі туралы ойлануға, күн сайын табиғат байлықтарын сақтау үшін еңбек етіп жүргендердің, сондай-ақ өз бастамасы бойынша маңызды және қажетті істерді жасағандардың еңбегін еске алуға себеп болатынына сенімдімін. Сіздер де қоршаған ортаға, ортақ үйге ұқыпты қарау процесіне белсенді қатысатындықтарыңызға  сенімдімін, біз үшін "Табиғатты қорғау - Отанымызды қорғау дегенді білдіреді. Тек біздің күш-жігерімізді біріктіре отырып, біз болашақ ұрпақ үшін Қазақстанның және бүкіл әлемнің табиғи байлықтарын сақтай аламыз! - атап өтті Омаров С. К..

Министр оқушыларды, ата-аналар мен педагогтарды ресурстарды тиімді пайдалануға көшуге және жел, су және күн энергиясын пайдалануды бастауға шақырды!
ҚР АШМ Қоғаммен байланыс жөніндегі департаменті
+7 (7172) 555-765, 555-947
Другие новости