426 жағдайда заңсыз өсімдіктектес өнімдерді әкелу жағдайының алдын алды
10 қазан 2019
426 жағдайда заңсыз өсімдіктектес өнімдерді әкелу жағдайының алдын  алды
2019 жылдың 1 тамызы мен 30 қыркүйегі аралығында өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторларымен Қытай Халық Республикасынан, Қырғыз Республикасынан, Өзбекстан Республикасынан
және Ресей Федерациясынан карантиндік фитосанитариялық қаупі жоғары карантинге жатқызылған өнімдердің заңсыз 426 жүк әкелінгені анықталды.
Фитосанитариялық сертификатсыз 388 жүк кері қайтарылды:
- Ресей Федерациясынан бидай (64 тонна), картоп (40 тонна), сәбіз (215 тонна), қызанақ (7,4 тонна), қияр (20 тонна), алма (21,8 тонна), қарбық және қауын (49,49 тонна), жеміс-жидек (1,5 тонна), орамжапырақ (10 тонна), күнбағыс тұқымы (54 тонна);
- Қырғыз Республикасынан шабдалы (1,8 тонна), жүзім (8,1 тонна), жүгері (0,8 тонна), картоп (12,7 тонна), қызанақ (6 тонна), алма (2 тонн), өрік (1,7 тонн), жаңа піскен томат (4,2 тонна), шие (2,2 тонна), құлпынай (0,52 тонна), нектарин (0,8 тонна), болгар бұрышы (1,5 тонна) және қара өрік (2,3 тонна).
- Қытай Халық Республикасынан миндаль (29,8 тонна), кунжут (35,6 тонна), күнбағыс тұқымы (37,25 тонна) және тұқымы (21 тонна);
Карантинге жатқызылған өнім қаптамасында таңбалау болмағандықтан 21 жүк кері қайтарылды:
- Өзбекстан Республикасына шабдалы (56 тонна), жүзім (34 тонна), қара өрік (15 тонна), нектарин (28 тонна);
- Қырғыз Республикасына таңқурай (1,1 тонна), құлпынай (1 тонна) және кептірілген өрік (43,15 тонна).
Импортталған карантинге жатқызылған өнімнен 17 жайыт карантиндік нысан анықталған, оның - 6 - шығыс жеміс жемірі (Grapholita molesta (Busck)) алмада (12,077 тонн), жүзім және қара өрікте (17,4 тонна), нектаринде (21,115 тонна) және шабдалыда (17,5 тонна) Өзбекстан Республикасынан;
- 5 - Комсток құрты (Pseudoccus comstocki (Kuwana)) шабдалыда (4 тонна), жүзімде (0,5 тонна) және 1-арамсояу (Cuscuta spp.) жүзімде (2,5 тонна) Қырғыз Республикасынан;
- 5 - батыс гүл трипсі (Frankliniella occidentalis Pergande) салат жапырағы (180 кг), орамжапырақта (100 кг) Өзбекстан Республикасынан.
Барлығы 75,12 тонна залалданған карантинге жатқызылған өнім жойылды.
Өсімдіктер карантині саласындағы заңнамалардың талаптарына сәйкес аталған өнімдер Қазақстан Республикасы аумағына тасымалдауға тиым салынған. Жүктер Қытай Халық Республикасына, Қырғыз Республикасына, Өзбекстан Республикасына және Ресей Федерациясынанкері қайтарылып, сонымен қатар кінәлі тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
ҚР АШМ Қоғаммен байланыс жөніндегі департаменті
+7 (7172) 555-765, 555-947
Другие новости