Ауыл шаруашылығы министрлігінде еліміздегі қой шаруашылығы саласының дамуы жайлы жиналыс өтті
26 қазан 2019
Ауыл шаруашылығы министрлігінде еліміздегі қой шаруашылығы саласының дамуы жайлы жиналыс өтті
Ауыл шаруашылығы министрлігінде еліміздегі қой шаруашылығы саласының дамуы жайлы жиналыс өтті
ҚР Ауыл шаруашылығы министрі С.Омаров республикалық қой шаруашылығы палатасының және еліміздегі қой шаруашылығы саласындағы бизнес өкілдерімен кездесті.
Кездесу барысында отандық агробизнестің негізгі бағыттарының бірі болып саналатын қой шаруашылығы саласының өзекті мәселелері және оның даму нәтижелері талқыланды.

Қатысушылар асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды субсидиялау, инвестициялық субсидиялау, жайылымдық қой шаруашылығын жүйелендіру бойынша өз ойларын ортаға салды.
Жиын соңында еліміздегі қой шаруашылығы саласындағы мәселелерді жүйелі түрде шешу мақсатында ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі тарапынан арнайы Жол картасы әзірленетіндігі туралы шешім қабылданды.

ҚР АШМ Қоғаммен байланыс жөніндегі департаменті
+7 (7172) 555-765, 555-947
Другие новости