«Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» ҰК» АҚ бидайды сатып алу бағасы мен сапалық көрсеткіштердің өзгеруі туралы хабарлайды
29 қазан 2019
«Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» ҰК» АҚ бидайды сатып алу бағасы мен сапалық көрсеткіштердің өзгеруі туралы хабарлайды
«Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» ҰК» АҚ 2019 жылғы өнімінен 3, 4 класты Triticum aestivum L. бидайын сатып алу бағалары мен сапалық көрсеткіштерінің өзгеруі туралы ақпарат жариялап отыр.
Астықтың резервтік қорын жаңарту және қалыптастыру, сондай-ақ мемлекетті азық-түлік астығының кепілді көлемімен қамтамасыз ету мақсатында «Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» дәстүрлі түрде жаңа егіннің астығын сатып алуды жүзеге асырады.
Мекеме деректеріне сәйкес үшінші класты Triticum aestivum L. бидайы үшін баға қосылған құн салығын(ҚҚС) төлеушілер үшін тоннасына 85 000 теңге құрайды.
Қосылған құн салығын(ҚҚС) төлемейтіндер үшін – тоннасына 75 893 теңге мөлшерінде белгіленген.
Төртінші сыныпты Triticum aestivum L. бидайының бағасы және  сапалық көрсеткіштер туралы толығырақ ақпарат төмендегі кестеде жарияланған:
 

 

3 класты Triticum aestivum L. бидайы

4 класты Triticum aestivum L. бидайы

Бір тонна бағасы

ҚҚС төлеушілер үшін, теңге

85 000

80 000

77 000

ҚҚС төлемейтіндер үшін, теңге

75 893

71 429

68 750

Сапалық көрсеткіштері

Натура, г/л, кем емес

710

700

700

Дәнмаңызының салмақтық үлесі, %, кем емес

23

20

18

Ақуыздың салмақтық үлесі, % құрғақ затқа, кем емес

12 және жоғары

11

10

Ылғалдылығы, %, артық емес

14

14

14

Қоқыс қоспасы, %, артық емес

2

2

2

Дән қоспасы, %, артық емес

5

5

5

Түсу саны, сек, кем емес

160

100

100

Дәннің зақымдануы

жол берілмейді

жол берілмейді

Қалған сапалық көрсеткіштер

3 класты Triticum aestivum L. бидай үшін 1046-2008 ҚР СТ сәйкес

4 класты Triticum aestivum L. бидай үшін 1046-2008 ҚР СТ сәйкес

 
 
Төлем шарттары: «Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» ҰК» АҚ белгіленген астық қабылдау кәсіпорындарына жеткізілім фактісі бойынша.
Сатып алу бағдарламасына қатысуға өтінімдер «Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» ҰК» АҚ сайтында www.fcc.kz және келесі мекенжайлар бойынша облыстық өкілдіктерде қабылданады:
Ақмола облысы: Көкшетау қ., Нұрсұлтан Назарбаев көш., 19, тел. 8 (7162) 55-11-51, 55-11-54, 55-11-52, 42-25-22;
Шығыс Қазақстан облысы: Өскемен қ., Бейбітшілік көш., 30, 206 кеңсе, тел. 8 (7232) 25-44-77, 56-06-57;
Қостанай облысы: Қостанай қ., Тәуелсіздік көш., 147, тел. 8 (7142) 53-11-44, 53-39-64, 53-29-12;
Солтүстік Қазақстан облысы: Петропавл қ., Партизанская көш., 160, тел. 8 (7152) 42-27-24, 42-27-23, 42-26-36.
 
3, 4 класты Triticum aestivum L. бидайын сатып алу бағалары мен сапалық көрсеткіштеріне қатысты қосымша ақпараттарды «Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» ҰК» АҚ ала аласыздар.
Нұр-Сұлтан қ., Мәскеу көш., 29/3, тел.: 8 (7172) 59-12-48, 59-12-73, 59-12-65
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
ҚР АШМ Қоғаммен байланыс жөніндегі департаменті
+7 (7172) 555-765, 555-947
Другие новости