"KazOil - 2019" III Халықаралық конференциясы
30 қазан 2019
2019 жылы 5 қарашада Нұр-Сұлтан қаласында "KazOil - 2019" III Халықаралық конференциясы өтеді.
Іс-шараға әлемнің 15 елінен 150-ден астам делегат қатысады деп жоспарлануда.
Әлемдік және отандық май нарығының жетекші компаниялары, бизнес және аграрлық ғылым саласының өкілдері бас қосатын жиынның мақсаты бүгінгі май нарығының даму үрдістері мен ерекшеліктері,  саладағы нарықтың соңғы жаңалықтары, өзара сауда саттықтың көлемін ұлғайту және т.б. мәселелерді талқылау болып табылады.
Конференция аясында Қазақстандағы май өндірісін дамытудың жағдайы мен перспективалары, әлемдік нарықтағы сұраныс және т. б. мәселелер қаралады.
"KazOil-2019" конференциясының толық бағдарламасымен келесі сілтеме бойынша танысуға болады: https://www.apk-inform.com/ru/conferences/kazoil-2019/agenda 
Конференцияға қатысу шарттары, қатысушылар құрамы туралы өзге қосымша ақпараттарды келесі байланыс телефоны арқылы ала аласыздар:
8 701 588 5497 Әділхан Сағымбаев  E-mail: adilet@list.ru
ҚР АШМ Қоғаммен байланыс жөніндегі департаменті
+7 (7172) 555-765, 555-947
Шараға тіркелу
Другие новости