ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі дайындаған мал шаруашылығын субсидиялаудың тиімділігін бағалау жөнінде ақпарат
31 қазан 2019
ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі дайындаған мал шаруашылығын субсидиялаудың тиімділігін бағалау жөнінде ақпарат
ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі дайындаған мал шаруашылығын субсидиялаудың тиімділігін бағалау жөнінде ақпарат
ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі дайындаған мал шаруашылығын субсидиялаудың тиімділігін бағалау жөнінде ақпаратты кез келген адам төменде көрсетілген сілтеме арқылы көшіріп алып, субсидиялау қаншалықты тиімді әрі тиімсіз екенін сараптай алады.
Презентацияда мал шаруашылығы саласындағы берілетін субсидиялардың барлық түрлері, көлемі және сомалары жайлы толық мәліметтер ұсынылған. Сондай-ақ соңғы 5 жылда мемлекеттік қолдау алған 36 800 шаруашылықтардың даму көрсеткіштері туралы ақпарат жинақталған.
Ағымдағы жылдың 29 қазан күні ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінде өткізілген мал шаруашылығын дамытуды субсидиялау тиімділігіне талдау жүргізу жөніндегі жұмыс тобының алғашқы отырысы өтті.
Жиынға ҚР Парламентінің Сенат және Мәжіліс депутаттары, Қаржы вице-министрі Татьяна Савельева және "Атамекен"ҰКП өкілдері қатысты.
Келесі аптада жұмыс тобының екінші отырысын өткізу жоспарлануда. Қаржы министрлігінің үлгісіне сәйкес берілген ақпараттардың негізінде мал шаруашылығын дамытуды субсидиялаудың тиімділігі талқыланатын болады.
ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі дайындаған субсидиялаудың тиімділігін бағалау жөніндегі талдау ақпараты мен келесі сілтеме арқылы таныса аласыздар: https://yadi.sk/i/BVzrfjPBFYuqkg
ҚР АШМ Қоғаммен байланыс жөніндегі департаменті
+7 (7172) 555-765, 555-947
Другие новости