ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров жұмыс сапарымен Түркістан облысына барды.
03 қараша 2019
ҚР Ауыл шаруашылығы  министрі Сапархан Омаров  жұмыс сапарымен Түркістан облысына барды.
ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров жұмыс сапарымен Түркістан облысына барды.

Жұмыс сапары аясында өңірдің бірқатар ауыл шаруашылығы нысандарында болып, саланың аймақтағы даму барысымен танысып, шаруалармен кездесті.

Министр Сапархан Кесікбайұлы облыс әкімі Өмірзақ Естайұлымен бірге алдымен Мақтаарал ауданы Ақалтын елді мекеніндегі «АШМ Сервис орталығы» өндірістік кооперативінің мақта терімі науқанымен танысты.
Өндірістік кооперативте биылғы жылы 70 га М-4011 мақта сорттық тұқымын егіп, 25,0 ц/га түсімділікпен өнім алуда.

Министр мен аймақ басшысы «Қазақ мақта шаруашылығы ғылыми зерттеу институты» ЖШС-де ауданның мақта өңдеу зауыттарының басшылары мен ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілермен кездесу жиынын өткізді. Жиын барысында өңірдегі экономиканың ең маңызды саласының бірі мақта мақта шаруашылығының (анықтама ретінде: биылғы жылы облысты 131,0 мың га мақта егіліп, (26 ц/га) 340,2 мың тн өнім жинау жоспарлануда. бүгінгі таңда жоспарланған өнімнің 320,0 мың тн-сы немесе 94% жиналды.) өзекті мәселелері талқыланып, облыс әкімдігі тарапынан Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министріне тиісті ұсыныстар енгізілді.

Сапархан Кесікбайұлы айтылған ұсыныстарды қолдайтындығын, және алдағы уақытта Үкімет деңгейінде қарастырылатындығын айтты.
Сонымен қатар, Облыс әкімі Өмірзақ Естайұлы шитті мақта бағасы алдағы күнде тұрақтайтындығы, шаруалардың сұраныстары бойынша тиімді баға болатындығын жеткізді.

Министр, іс сапары соңында Сайрам ауданында орналасқан «Dala-fruit.kz» ЖШС-на интенсивті алма бауына және 10,0 мың басқа арналған «Нұрым Групп» ЖШС мал бордақылау алаңының жұмыстарымен танысып, облысты ауыл шаруашылығында атқарылып жатқан жұмыстарға оң бағасын берді.


ҚР АШМ Қоғаммен байланыс жөніндегі департаменті
+7 (7172) 555-765, 555-947
Другие новости