Агроөнеркәсіптік кешені саласындағы заңнамаға енгізілген өзгертулер мен толықтырулар жайлы баспасөз конференциясы өтті
05 қараша 2019
Агроөнеркәсіптік кешені саласындағы заңнамаға енгізілген өзгертулер мен толықтырулар жайлы баспасөз конференциясы өтті Мемлекет басшысы агроөнеркәсіптік кешені саласындағы заңнаманы жетілдіруге бағытталған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне агроөнеркәсіптік кешенді реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Енгізілген өзгерістер мен түзетулер еліміздің агроөнеркәсіптік кешені саласындағы нормативтік құқықтық актілердің тиімді орындалуын және саладағы көптеген қызметтерді жаңғыртып, жүйелі түрде жүзеге асыруға мүмкіндік беріп отыр.
Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Рүстем Құрманов мәлімдеді.

Ауыл шаруашылығы вице-министрінің айтуынша, көрсетілген заңнамалық нормалар агроөнеркәсіптік кешен саласын дамыту бағдарламасында жоспарланған нысаналы индикаторларға ашық әрі тиімді түрде қол жеткізуді қамтамасыз етеді.
Маңызды жаңашылдықтардың бірі - ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер үшін бірқатар жаңа субсидиялардың қарастырылуы және ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді ұтымды пайдалану мониторингін жүзеге асыру аясындағы жерді қашықтықтан зондтау деректерін пайдалану бойынша нормалар бекітілді.
Заң аясында бизнестің ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстары барысындағы шығындарын субсидиялау көзделген. Бұл бизнесте қажетті зерттеулер жүргізу үшін ауыл шаруашылығындағы инновацияларды енгізу ауқымын жеделдетуге мүмкіндік береді.
2020 жылдан бастап ауыл шаруашылығындағы міндетті сақтандырудан ерікті сақтандыруға көшу көзделген. Сондай-ақ АӨК субъектілері үшін қаржыландыруды ұлғайтуға мүмкіндік беру мақсатында сақтандыру төлемдерін субсидиялаудан сақтандыру сыйақыларына көшу қарастырылған.

Агросақтандыру қызметтері "QOLDAU" бизнеске арналған цифрлық платформасы арқылы электрондық форматта ұсынылатын болады. Сондай ақ сақтандыру жағдайы анықталған кезде осы платформа арқылы егіс алқаптарына космомониторинг жүргізілетін болады.
Жалпы, Заңмен 42 заңнамалық актіге, оның ішінде Жер, Орман, Бюджет, Салық және Қылмыстық кодекстерге түзетулер енгізілген.
ҚР АШМ Қоғаммен байланыс жөніндегі департаменті
+7 (7172) 555-765, 555-947
Другие новости