ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Әдеп жөніндегі уәкілі тағайындалды
08 қараша 2019
ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің  Әдеп жөніндегі уәкілі  тағайындалды
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жауапты хатшысы М.Ә. Оразаевтың бұйрығымен Айдын Қазбекұлы Айтжанов Әдеп жөніндегі уәкіл лауазымына 2019 жылғы 7 қарашадан бастап тағайындалды.
 
А. Айтжанов тағайындалғанға дейін ҚР Денсаулық сақтау министрлігі тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің мемлекеттік қызметтер көрсету және цифрландыру басқармасының бас сарапшысы лауазымында жұмыс істеді.
 
Әдеп жөніндегі уәкіл – қызметтік әдеп нормаларының сақталуын және мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнама мен Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін бұзушылықтардың профилактикасын қамтамасыз ету қызметін жүзеге асыратын, сондай-ақ өз функциялары шегінде мемлекеттік қызметшілер мен азаматтарға консультация беретін мемлекеттік қызметші.
 
Әдеп жөніндегі уәкілдің дербес лауазымы аумақтық бөлімшелері немесе ведомстволарының аумақтық бөлімшелері, шет елдегі мекемелері бар орталық мемлекеттік органдарда (құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігін қоспағанда), сондай-ақ облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және Астана әкімдерінің аппараттарында енгізілген.
ҚР АШМ Қоғаммен байланыс жөніндегі департаменті
+7 (7172) 555-765, 555-947
Другие новости