ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі әлеуметтік желілерде «Агропост және агрофото» байқауы өтетіні туралы хабарлайды
19 қараша 2019
ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі әлеуметтік желілерде «Агропост және агрофото» байқауы өтетіні туралы хабарлайды

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі ағымдағы жылдың 19 қарашасы мен 12 желтоқсан күндері аралығында әлеуметтік желілердегі ауыл шаруашылығы тақырыбында жазылған үздік пост пен ауыл шаруашылығы тақырыбында түсірілген үздік фото байқауын жариялайды.

Байқаудың басты мақсаты – ауыл шаруашылығы саласындағы қоғаммен байланысты нығайту, азаматтарға шығармашылық тұрғыда және кәсіби «өсуге» жағдай туғызу, ауыл шаруашылығы тақырыбында әлеуметтік желі белсенділерін анықтау, олармен байланыс орнату, министрліктің баспасөз қызметінің әлеуметтік желідегі жұмысын жандандыру.

Байқау бір кезеңнен тұрады және Instagram, Facebook әлеуметтік желілерінде өткізіледі.

БАЙҚАУ ТУРАЛЫ ЕРЕЖЕ

  1. Байқауға қатысушыларға келесідей талаптар қойылады:

1.1    Байқауға әлеуметтік желілерге қосылуға мүмкіндігі бар кез-келген азамат қатыса алады.

1.2 Бағымды сынаймын деушілерге өздерінің ауыл шаруашылығы тақырыбында жазған посттарын(қазақ және орыс тілдерінде, өз таңдауы бойынша) #Agropostkz және ауыл шаруашылығы тақырыбында түсірілген фотоларын  #Agrophotokz  хэштектері арқылы  Instagram, Facebook  әлеуметтік желілерінде жариялау қажет (Байқау аясында 2019 жыл көлемінде жазылған посттар мен фотоларды жариялауға болады).

  1. #Agropostkz хештегімен жарияланған посттар келесідей тақырыптарды қамту қажет:

 -  «Менің ауылым»

 -  «Ауылымды сағындым»

 -  «Бірлігі бекем ауыл»

 -  «Ауыл шаруашылығы саласы маманының 1 күні»

 - «Ауыл шаруашылығы саласындағы жетістіктер (жаңа технологиялар, өнімділікті арттыру, рекордтық өнім алу және т.б.)»

 - «Ауылымның өнімдері» (әр облыстың, ауданның, ауылдың «брендіне» айналған ауыл шаруашылық өнімдері)

  1. Жұмыстарды қабылдау 2019 жылғы 12 желтоқсан күні аяқталады.       

БАЙҚАУҒА ҰСЫНЫЛҒАН ЖҰМЫСТАРДЫ БАҒАЛАУ

  1. Постты бағалау кезінде мәтіннің мазмұнына, тақырыптың өзектілігіне мән берілетін болады. Постты жарияланымның тақырыбына сәйкес келетін фотосуретпен, бейнесюжетпен сүйемелдеуге болады.
  2. #Agrophotokz хештегімен жарияланған фотоны бағалау кезінде фото суреттердің тақырыпқа сай болуы, сапасы және креативтілік қаралады.

ЖЕҢІМПАЗДАРДЫ АНЫҚТАУ

  1. Жеңімпаздарды құрамында журналистерден, блогерлерден, кәсіпқой фотографтар және Ауыл шаруашылығы министрлігінің қызметкерлерінен құралған арнайы комиссиялық топ таңдайды.
  2. Үздіктерді анықтау барысында комиссия аталмыш жарияланымның әлеуметтік желідегі жинаған лүпілдер (лайктар), пікірлер (комментарийлер) санын да ескереді.
  3. Байқаудың қорытындысы бойынша ең үздік деген 10 пост және 10 фото таңдалып Ауыл шаруашылығы министрлігінің алғыс хатымен және арнайы сыйлықтарымен марапатталады.
  4. Сондай-ақ жеңімпаздардың үздік жарияланымдары ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларына жарияланатын болады.

Барлық қосымша сұрақтар бойынша мына телефондарға хабарласуларыңызды сұраймыз:

8 7172 555 765

minagripress@gmail.com

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚР АШМ Қоғаммен байланыс жөніндегі департаменті
+7 (7172) 555-765, 555-947
Другие новости