АНОНС
20 қараша 2019
АНОНС
Өтетін жері: Нұр-Сұлтан қаласы, Қазақ ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу ғылыми-зерттеу институтына

Мекен-жайы: Ақжол көшесі, 26 үй, 1 қабат, акт залы

Уақыты: 21.11.2019 ж., сағат 10:00
 
2019 жылғы 21 қарашада ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрінің қатысуымен Қазақ ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу ғылыми-зерттеу институтының құрылғанына 60 жыл толуына орай салтанатты жиын өтеді.

Іс-шара барысында институт мамандары ҚР АШМ өкілдері мен қонақтарын дәнді және майлы дақылдарды өңдеу, сақтау және қайта өңдеу саласындағы жетекші ғалымдардың ғылыми жұмыстары мен жетістіктерін таныстырады.

Қазақ ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу ғылыми-зерттеу институты 1959 жылы Ақмола қаласында Қазақстанның солтүстік аймақтарында тың және тыңайған жерлерді игеру кезеңінде «Бүкілодақтық астық ғылыми-зерттеу институтының Қазақ филиалы (ҚазОҒЗИ)» деп құрылды.

ҒЗИ-ның басты міндеті өнімді сақтау және оны уақытылы жинаудан кейінгі өңдеу мәселелерін шешудің тиімді жолдарын іздестіру болатын. Сол кездің өзінде мекеме үздік техникалармен жабдықталып, Одесса және Мәскеу технологиялық институттарының түлектерінен құралған мықты мамандармен жұмысын бастаған болатын.

Тың жерлерді игеру жылдары институт ұжымы астық өнімдерін бастапқы өңдеу және сақтау саласында айтарлықтай зерттеулер жүргізді.
 
БАҚ өкілдері тіркелу үшін ақпараттарды - minagripress@gmail.com  электрондық мекен-жайына жіберулеріңізді сұраймыз.
 
ҚР АШМ Қоғаммен байланыс жөніндегі департаменті
+7 (7172) 555-765, 555-947
Шараға тіркелу
Другие новости