АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРЛІГІНДЕ АЗАМАТТАРДЫ ЖЕКЕ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША ҚАБЫЛДАУ ЖАЛҒАСУДА
26 қараша 2019
АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРЛІГІНДЕ АЗАМАТТАРДЫ ЖЕКЕ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША ҚАБЫЛДАУ ЖАЛҒАСУДА
ҚР Ауыл шарушалығы министрлігінде ҚР агроөнеркәсіп кешенін дамыту мәселелері жөніндегі Қоғамдық кеңестің Жер кадастры, жерді пайдалану, өндірісті дамыту, өсімдік шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу жөніндегі комиссияның отырысы өтті.

Кездесу барысында комиссияның алдағы жұмыс жоспары талқыланып, азаматтардан келіп түскен өтініштер мен ұсыныстар қаралды.

Жұмыс жоспарын талқылау барысында еліміздегі егін жинау науқаны қорытындысы бойынша статистикалық есеп беру тәртібін қалыптастыру мәселесі қозғалды.

Сондай-ақ, агроөнеркәсіптік кешенді цифрландыру бағытындағы атқарылып жатқан жұмыстар аясындағы сандық агрокадастр жүйесін бақылауды жүзеге асыратын органдардың қызметтері туралы мәселе көтерілді.

Отырыс соңында комиссия мүшелері шаруаларға мемлекеттік қолдау көрсету мәселесін талқылады.

Қоғамдық кеңес мүшелерінің 2019 жылғы қараша айындағы жеке және заңды тұлғаларды қабылдау кестесі төменде көрсетілген.



 
ҚР АШМ Қоғаммен байланыс жөніндегі департаменті
+7 (7172) 555-765, 555-947
Другие новости