ҚР Ауыл шаруашылығының бірінші вице-министрі Айдарбек Сапаров «Ауыл» партиясының XVI съезінің жұмысына қатысты
28 қараша 2019
ҚР Ауыл шаруашылығының бірінші вице-министрі Айдарбек Сапаров «Ауыл» партиясының XVI съезінің жұмысына қатысты
ҚР Ауыл шаруашылығының бірінші вице-министрі Айдарбек Сапаров «Ауыл» Халықтық-демократиялық патриоттық партиясының XVI есеп беру-сайлау съезінің жұмысына қатысты.

«Ауыл» партиясының төрағасы Әли Бектаев өз баяндамасында партияның 2015-2019 жылдардағы қызметінің қорытындыларын, АӨК, Әлеуметтік сала, ғылым мен өндірістің өзекті мәселелерін атап өтті.

Оның айтуынша, Қазақстанда жыл сайын ауыл шаруашылығын мемлекеттік қолдау көлемі артып, аграрлық бизнес үшін жағдай жасалуда. Десекте, шалғайдағы ауылдардың барлығында таза су, электр желісі және интернет жоқ. Партия төрағасы алдағы үш жылда бұл мәселелер жүйелі түрде шешілетінін атап өтті. Мысалы, «Ауыл - Ел бесігі» жобасы аясында жолдарды, электр, жылу, газбен жабдықтау жүйелерін жөндеу, емхана, мектептер мен балабақшаларды ретке келтіру, дене шынықтыру-сауықтыру кешендері мен т. б. Ретке келтіру жоспарлануда.

Әли Бектаевтың баяндамасынан кейін партия мүшелері мен аграрлық саланың өкілдері ауыл шаруашылығындағы түйіткілді мәселелерді талқылауға көшті. Мал шаруашылығы бойынша субсидиялар төлеу, сондай-ақ АӨК дамыту мемлекеттік бағдарламасын іске асыру тәсілдерінің өзгеруіне байланысты шаруалардың тап болған кедергілерді алып тастау мәселелері айтылды.

Өз кезегінде ҚР Ауыл шаруашылығының бірінші вице-министрі Айдарбек Сейпелұлы қазіргі уақытта министрлік мәселелерді шешу бойынша жұмыс істеп жатқанын мәлімдеді. Мысалы,  минералды тыңайтқыштарды сатып алуға субсидия алуға қол жеткізуді жеңілдету үшін 2 жылға агрохимиялық картограммалардың міндетті болуы туралы талап мерзімі кейінге қалдырылды, инвестициялық жобалар бойынша сараптамалық қорытынды алынып тасталды, интернет желісі жоқ жерлерде субсидиялауға өтінім беру мүмкіндігі қағаз түрінде қалдырылды. Сондай-ақ, Сапаров Ауыл шарушылығы министрлігі отандық мал үшін субсидия төлей бастағанын мәлімдеді.

«Алайда, мұның бәрі бюджетке байланысты. Сондықтан біз мәселені кезекпен шешуге міндеттіміз. Жақында инвестсубсидиялар бойынша қарыз төленді. Ақша алмаған фермерлерге 2020 жылдың басында төлейміз. Мал шаруашылығы саласындағы берешекке келер болсақ: 2020 жылдың бірінші жартыжылдығында Республикалық бюджеттік комиссия «Республикалық бюджетті» нақтылау кезінде осы мәселені қарайды және 36,8 млрд.теңге бірден төленеді. Әрине, мәселелер аз емес, бірақ ауыл шаруашылығы – күрделі, үлкен сала екенін түсіну қажет. Ауыл шаруашылығының барлық салалары өкілдерінің мүддесін қорғау үшін біз бірлесіп жұмыс істеуіміз керек», - деді ҚР Ауыл шаруашылығының бірінші вице-министрі Айдарбек Сапаров.

«Ауыл» партиясы съезінің жұмысына өңірлерден 200-ден астам делегат, сондай-ақ мемлекеттік органдардың өкілдері мен сала қызметкерлері қатысты. Съезде партия төрағасы, оның саяси кеңесі таңдалды, сондай-ақ Ұйымның Жарғысына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.
ҚР АШМ Қоғаммен байланыс жөніндегі департаменті
+7 (7172) 555-765, 555-947
Другие новости