ҚР АШМ: 2019 жылы Қазақстанда өткен жылмен салыстырғанда мал көп сойылған
31 желтоқсан 2019
ҚР АШМ: 2019 жылы Қазақстанда өткен жылмен салыстырғанда мал көп сойылған

Бүгінде Қазақстанда 31 млн. астам ауыл шаруашылығы жануарлары бар.

 2019 жылы Қазақстанда мал мен құс өндірісінің көлемі артқан. 1 желтоқсандағы жағдай бойынша елде 7,3 млн. бас ірі қара мал (2018 жылдың сәйкес кезеңіне 104,3 %), 17,5 млн. астам қой (102,2%) және 886 мың шошқа (103,7%) бар.

Жылқы саны елімізде 2,7 млн. (108,2%), түйе – 217 мың (106,9%), құстар - 47,5 мың (105%) құрайды.

Сонымен қатар, Қазақстанда 2 млн. 337 мың ешкі бар, алайда аталмыш жануардың бұл түрі бойынша кері өсім (99,4%) тіркеліп отыр.

Айта кету керек, 2019 жылдың қаңтар-қараша айларында елімізде 1,7 млн. тонна мал мен құс сойылды. Бұл 2018 жылдың сәйкес кезеңіне қарағанда 5,5 пайызға артық.

Сондай-ақ, Қазақстанда 5,5 млн. тонна сиыр сүті (103,2%) және 5,8 млн. тауық жұмыртқасы (99,3%) өндірілген.
ҚР АШМ Қоғаммен байланыс жөніндегі департаменті
+7 (7172) 555-765, 555-947
Другие новости