МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНДА ТҮЙЕ АУРУЫ БОЙЫНША АҚПАРАТ
31 желтоқсан 2019
МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНДА ТҮЙЕ АУРУЫ БОЙЫНША АҚПАРАТ
Маңғыстау облысының ветеринария басқармасының және Маңғыстау облыстық аумақтық инспекциясының деректері бойынша ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетіне (бұдан әрі – Комитет) ағымдағы жылдың қыркүйек айынан желтоқсан айына дейінгі кезеңде түйелердің шешегіне күдік туралы хабарлама келіп түсті.

Қыркүйек айында-6 бас түйе, қазан айында-3 бас түйе, желтоқсан айында-5 бас түйе.

Эпизоотологиялық тексеру және сынама алу үшін «Ветеринария бойынша ұлттық референттік орталық» РММ (бұдан әрі – «ВБҰРО» РМК) қызметкерлері бірнеше рет жіберілді.

«ВБҰРО» РМК хаттамалық сынақтарға сәйкес қыркүйек және қазан айларында алынған биологиялық сынамалар – теріс.

Желтоқсанда қосымша түйелердің сынамалары алынып «Республикалық ветеринариялық зертхана» РМК Маңғыстау облыстық филиалына жіберілді, кейін «ВБҰРО» РМК -ға қайта жіберіледі.

Ауру жануарлардың арасында өлім жоқ, клиникалық белгілері бойынша түйенің шешегі алынып тасталады.

Сонымен қатар, мониторинг жүргізу барысында А.Ж. 16-21 қазан аралығында зерттеу мақсатында қосымша 45 түйеден (Маңғыстау ауданы - 6 бас, Қарақия ауданы - 33 бас, Жаңаөзен - 6 бас) биологиялық материал іріктелді.

Аса қауіпті ауруларды болдырмау үшін «ВБҰРО» РМК жүргізген зертханалық зерттеулердің нәтижелеріне сәйкес, оның ішінде аусыл, пастереллез, листериоз, сібір жарасы, туберкулез және шешек ауруларына жүргізген зертханалық зерттеулердің нәтижелері теріс болып шықты.

Нәтижелер Комитеттің Маңғыстау облыстық аумақтық инспекциясына жіберілді.

Қалыптасқан жағдайды егжей-тегжейлі зерттеу үшін Манғыстау облысына 2020 жылдың 3-ші қаңтар күні Комитеттің, «ВБҰРО» РМК, «Республикалық ветеринариялық зертхана» РМК өкілдерінің «Қазақ ғылыми-зерттеу мал дәрігерлік институты» ЖШС жетекші ғалымдарының баруы жоспарланған.

Маңғыстау облысының ветеринария қызметі тарапынан тұрақты негізде халық арасында ветеринария саласындағы мәселелер бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатқанын атап өту қажет. 2019 жылы аудандық және қалалық инспекциялар түсіндіру жұмыстары мен семинарлар өткізді - 308, оның ішінде ауыл шаруашылығы жануарлары аурулары бойынша - 23.

Аймақтың эпизоотиялық жағдайы Маңғыстау облысының ветеринариялық қызметінің бақылауында.

Анықтама: 26.12.2019 ж. жағдай бойынша АЖЖ базасында тіркелген Маңғыстау облысындағы түйелердің жалпы саны-69 022 басты құрайды, оның ішінде аудандар бойынша:
Маңғыстау - 23 258 бас; Бейнеу - 19 605 бас; Қарақия - 11 478 бас; Түпқараған – 7 212 бас; Мұнайлы - 4 995 бас; Ақтау қ. - 178 бас; Жаңаөзен қаласы-2 296 бас.
ҚР АШМ Қоғаммен байланыс жөніндегі департаменті
+7 (7172) 555-765, 555-947
Другие новости