ҚР АШМ жүйесінде 2019 жылы жасалған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактілері туралы ақпарат
13 ақпан 2020
ҚР АШМ жүйесінде 2019 жылы жасалған  сыбайлас  жемқорлық құқық бұзушылық фактілері туралы ақпарат
2020 жылғы 13 ақпандағы брифингте ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің департамент басшысы А. Жарова сыбайлас жемқорлыққа неғұрлым бейім салаларды анықтау бойынша 2019 жылғы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингтің қорытындысын айтты.

Бұл ретте, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінде 19 адам сотталғанын атап өтті.

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі 19 сотталғанның 9-ы ғана ҚР АШМ жүйесіне жататынын хабарлайды, оның ішінде: 7 адам – АӨК мемлекеттік инспекция комитетінің бөлімшелері, 1 адам – ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің бөлімшесі, 1 адам-ҚР АШМ қарамағындағы акционерлік қоғамның бөлімшесі.

Қалған 10 сотталған «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру шаралары туралы» ҚР Президентінің 2019 жылғы 17 маусымдағы № 17 Жарлығына сәйкес ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігіне берілген Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетің бөлімшелері мен ведомстволық бағынысты ұйымдарына (9 адам) және Су ресурстары комитетіне (1 адам) жатады.
ҚР АШМ Қоғаммен байланыс жөніндегі департаменті
+7 (7172) 555-765, 555-947
Другие новости